Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметтен кететіні жайлы хабар жалған

© flickr.com

Шымкент ?аласыны? ?кімі ?абидолла ?бдірахымов ?ызметінен кетпейді. ?алалы? ?кімдікті? баспас?з ?ызметіндегілер бірнеше а?парат ??ралында жариялан?ан м?ліметті жо??а шы?арды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетпейді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер бірнеше ақпарат құралында жарияланған мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше БАҚ-та Әбдірахымовтың қызметтен кетуі мүмкін екені жазылған болатын.

"Ғабидолла Әбдірахымов қызметін жалғастырып жатыр. Ол 12 күн еңбек демалысында болды, жақында ғана жұмысқа кірісті. Бүгін қала басшысы облыс көлемінде өткізілген іс-шараға қатысты. Қалалық жедел жәрдем станциясына 30 жаңа арнайы көлік берілді", - деді қалалық әкімдіктегілер.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, облыстық әкімдіктегілер де Tengrinews.kz тілшісіне осыған байланысты пікір білдірді. Облыс әкімдігіндегілер бұл хабарды жалған деп атады.

Еске сала кетейік, Әбдірахымов Шымкенттің әкімі қызметіне 2015 жылдың 19 тамызында тағайындалған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама