Шымкент орталығында жер астынан су атқылады

Шымкент орталығында жер астынан су атқылады © Youtube

Шымкент орталығында су жүргізетін құбыр жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Судың атқылау күші қатты болғаны соншалық, оның биіктігі бес қабатты үйдің төбесіне дейін жеткен. Құбырдың жарылған жеріне жақын маңда орналасқан химиялық тазалау ғимараты су астында қалды. Онда токтың тұйықталуы болып, барлық жұмысшы эвакуацияланды.

Сонымен қатар, жақын жерде орналасқан үйлердегі тұрғындар да эвакуациялану үстінде. Оқиға орнына барған мамандар апаттың салдарын жою мақсатында жұмыс істеп жатыр.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама