Шымкент, Павлодар, Ақтөбе қалаларында жоспарлы штабтық жаттығу өткізіліп жатыр

Шымкент, Павлодар, Ақтөбе қалаларында жоспарлы штабтық жаттығу өткізіліп жатыр © akorda kz

Шымкент, Павлодар, А?т?бе ?алаларыны? ІІД департаменттеріні? базасында жоспарлы штабты? жатты?у ?ткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аза?стан Республикасы ІІМ Баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Шымкент, Павлодар, Ақтөбе қалаларының ІІД департаменттерінің базасында жоспарлы штабтық жаттығу өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылғы 27-28 қарашада Шымкент, Павлодар, Ақтөбе қалаларының ішкі істер департаменттерінің базасында жоспарлы республикалық командалық штабтық жаттығуы өткізіліп жатыр. Жаттығу мақсатына сәйкес кешенді құқықтық тәртіп күштерінің құрамына кіретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында дағдарыс жағдайы туындаған кездегі іс-әрекеттерді пысықтайды", - делінген хабарламада.

Осы іс-шараның барысында қысқы мерзім жағдайында қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төнген кезде құқықтық тәртіп органдарының бірлескен іс-қимыл жасасуға даярлық деңгейлеріне баға берілетіні айтылады.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, жаттығу барысында құқықтық тәртіп күштерін шартты дағдарыс жағдайлары туындаған жерлерге іс-жүзінде жеткізу мәселелерін пысықтау жоспарланды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама