ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 сәуір 2016 17:54
Шымкент пен Тараз тұрғындары Ауғанстанда болған жер сілкінісін сезді
Шымкент пен Тараз тұрғындары Ауғанстанда болған жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Жер асты дүмпулері 10 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 16.28 минутта тіркелген. Жер сілкісінің ошағы Ауғанстан территориясында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 787 шақырымда орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 14.5. Магнитудасы - 6.8, зілзала ошағы 20 шақырым тереңдікте анықталды. Шымкент және Тараз қалаларында 3 балл болып сезілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу