Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ҚАЖД басшылары тағайындалды

© ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Шымкент ?аласыны? ж?не Т?ркістан облысыны? ?ылмысты?-ат?ару ж?йесі департаменттеріні? басшылары та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ІІМ баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының және Түркістан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Шымкент қаласының және Түркістан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің жеке құрамына жаңа басшыларын таныстырды.

Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаметінің бастығы болып әділет полковнигі Атэльбек Досмағамбетов тағайындалды. Досмағамбетов РФ Свердлов заң институтын тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

Реклама
Реклама

Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына бұрын ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жедел басқармасының бастығы лауазымында болған әділет полковнигі Талғат Абдранбаев тағайындалды. Абдранбаев ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдаған.

Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов департаменттердің жаңа бастықтарына жемісті еңбек тіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама