Шымкентте "7-20-25" бойынша берілетін баспана бағасы 25 миллион теңгеге дейін өсті

Шымкентте "7-20-25" ба?дарламасы бойынша берілетін баспананы? ба?асы 25 миллион те?геге дейін ?сті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте "7-20-25" бағдарламасы бойынша берілетін баспананың бағасы 25 миллион теңгеге дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк басқармасы қабылдаған үкімге сәйкес, Шымкентте "7-20-25" бағдарламасы бойынша баспананың шекті сомасы 25 миллион теңге дейін көбейді.

Еске сала кетейік, биыл 19 шілдеде Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген болатын. Мемлекет басшысы жарлыққа жария түрде қол қойған еді.

Реклама
Реклама

"Бұл Шымкент тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Қалада тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамып келеді. Бүгінде Шымкентте 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Лимиттің ұлғаюы қала тұрғындарына тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді", - деді "Баспана" Ипотекалық ұйымы басқармасының төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Осылайша, еліміздің 5 қаласында (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент) бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алудың ең жоғарғы сомасы 25 миллион теңгеге жетті. Басқа өңірлерде бағдарлама бойынша тұрғын үйді 15 миллион теңгеден қымбат емес бағаға сатып алуға болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама