Шымкентте автобус жүргізушілері жанжалдасты

Видео кадры

Шымкентте автобус жүргізушілері аялдамада қақтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шымкентте автобус жүргізушілері аялдамада қақтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қақтығыс бүгін шамамен 08:50-де болған. Автобус жүргізушілері жолды бөлісе алмай, ақыры қозғалысты бөгеттеп тастаған. Одан кейін жолаушылардың көзінше төбелесе бастаған. Біраз уақыттан кейін автобус жүргізушілері екі бөлек кеткен. 

Реклама
Реклама

Автобус жүргізушілері аялдама жанында төбелес ұйымдастырғаны үшін жазаланды. 

"Жүргізушілердің аты-жөні белгілі болды. Оларды тірек пунктіне әкеліп, профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасалды", - деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама