ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 қаңтар 2019 09:23
Шымкентте екі базарда арнайы операция жүргізілді
Шымкент базарларында салафизм жақтаушылары діни әдебиеттер таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент базарларында салафизм жақтаушылары діни әдебиеттер таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметінше, Shymkent Tulpar мен "Нипа" базарларында арнайы операция жүргізілген.
"Соттың санкциясы бойынша сауда орындарында тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жеткілікті діни әдебиет табылды, сондай-ақ, электронды ақпарат тасығыштар анықталды", - деп хабарлады Шымкент полицейлері.
Тергеу мәліметінше, салафизм жақтаушылары базарға келушілер мен ондағы сатушыларға діни әдебиеттер таратып жүрген.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу