ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 сәуір 2016 10:10
Шымкентте таяуда облыстық мәслихатқа сайланған депутат қамауға алынды
Шымкентте таяуда облыстық мәслихатқа сайланған депутат Айдархан Орынбасаров қамауға алынды. Ол жаңа қызметінде бір ай да істемеді. Қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын әл-Фараби аудандық соты таңдады, - деп хабарлайды КТК.
Халық қалаулысы аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл істі бақылауға алды (ҰҚК).
Депутат Айдархан Орынбасаров. © ktk.kz
Қазіргі уақытта күдікті кардиологиялық орталықта жатыр, оны тәртіп сақшылары тәулік бойында бақылауға алған. Дәрігерлердің айтуынша, ол ауруханадағы төсегіне кісенделген.
ОҚО облыстық мәслихатының ғимараты. © ktk.kz
"Орынбасаровтың ауруханада жатқанына алтыншы күн болды. Ол құқық қорғау органдарындағы изолятордан жүрек тұсының ауырғанын және тұншыққанын айтып, жедел жәрдеммен жеткізілді. Біздің мамандар қарап, инфарктке ұшырағанын анықтады", - деп мәлімдеді кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Спандияр Бекжігітов. (Дереккөз: КТК)
Қазіргі уақытта депутаттың жағдайы орнықты, апта соңында ол изоляторға қамалады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу