Шымкентте жол ортасында жартылай жалаңаш билеген қызды дәрігерлер алып кетті

Видеодан алынған кадр

Шымкенттегі к?шелерді? бірінде ішкиіммен би билеп ж?рген ?ыз м?жб?рлі т?рде психиатриялы? аурухана?а жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттегі көшелердің бірінде ішкиіммен би билеп жүрген қыз мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Желі қолданушылары қыздың көшеде шешініп, билеп, өтіп бара жатқан көліктердің капотына жатып алғаны түсірілген видеоны жариялаған болатын.

Куәгерлер бұл видеоның Байтұрсынов көшесінде түсірілгенін айтады.

Реклама
Реклама

Кейінірек оқиға орнына кезекші патруль қызметкерлері барған. Қыз полицейлерден қашып кетпекші болған, алайда олар қызды ұстап, мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханаға жеткізген. Қолхат жазған соң қыздың туыстары оны ауруханадан алып кеткен.

Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қыздың 1996 жылғы екенін және психикалық диспансерде есепке алынбағанын хабарлады. Қыздың Түлкібас ауданының тұрғыны екені анықталды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама