Шымкенттік белсенді Руслан Жанпейісовке шабуыл жасаған ер адам айыппұлмен құтылды

© youtube.com/ruslan zhanpeissov

"ОСА" ?о?амды? бірлестігіні? белсендісіне шабуыл жаса?ан Шымкент ?аласыны? т?р?ыны айыпп?л т?лейтін болды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?аланы? жергілікті полиция ?ызметіндегілер хабарлады.

"ОСА" қоғамдық бірлестігінің белсендісіне шабуыл жасаған Шымкент қаласының тұрғыны айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қаланың жергілікті полиция қызметіндегілер хабарлады.

Полицейлер қоғамдық бірлестіктің белсендісі Руслан Жанпейісовке балағат сөздермен жұдырық ала жүгірген ер адамды тапты. Ол Шымкент қалсының 1984 жылғы тұрғыны болып шықты. Ол уақытша жұмыссыз жүр екен, алайда осыған дейін құқық қорғау органдарындағы қызметкерлердің бірі болған. "Мамандандырылған әкімшілік соттың шешіміне сәйкес, қоғамдық жерде балағат сөздер айтқаны үшін ер адам 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді", - деді жергілікті полиция қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл оқиға қыркүйек айында болған. "ОСА" қоғамдық бірлестігінің белсендісі Руслан Жанпейісов Қонаев даңғылының бойында полиция қызметкерлерінің рейдін бақылап тұрған. Сол кезде көліктердің бірінен ер адам шығып, қоғам белсендісіне жұдырық ала жүгірген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама