Шымкенттік жігіттің әрекеті жаңа челенджге түрткі болды

Instagram.com желісіндегі видеодан жасалған скриншот

?аза?станды?тар шымкенттік жігітті? аула сыпырушы ?йелге м?зды ою?а к?мектескені т?сірілген видеодан кейін жа?а флешмоб бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандықтар шымкенттік жігіттің аула сыпырушы әйелге мұзды оюға көмектескені түсірілген видеодан кейін жаңа флешмоб бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Kris_p_Almaty паблигінде жас жігіттерді қалалық қызмет жұмысшыларына көмектесуге шақыратын флешмоб басталғаны жарияланды.

Мұның алдында шымкенттік жігіттің әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті еткен болатын. Кездейсоқ адам жұмысшы әйелге қар тазалауға көмектескен. Осы сәттің видеосы Instagram желісіндегі Dudoser парақшасында жарияланды.

Реклама
Реклама

Ол Шымкент қаласының тұрғыны - 23 жастағы Александр Пудовинников болып шықты. Ол өзінің осы әрекетін былай түсіндірді: "Мен "Венеция" аялдамасында тұрдым, өз автобусымды күтіп тұрған едім. Қарасам бір әже қатып қалған қар қалдықтарын бұза алмай жатыр екен. Мен көмектесейін деп ойладым, себебі автобус әлі келмеген еді. Мені түсіріп алып, Интернетке салады деп ойламадым", - дейді ол.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама