ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 ақпан 2017 19:44
"Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары ауысты
"Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Оразұлы Оразов Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ал осы қызметте болған Руслан Ысқақұлы Омаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу