Сырт көз үшін жиналып отырған жоқпыз - Нығматулин үкімет мүшелеріне

© Тұрар Қазанғапов

М?жіліс спикері Н?рлан Ны?матулин Парламент палаталарыны? біріккен отырысында ?кімет м?шелерінен тура с?ра?тар?а тура жауап беруден бастауды с?рады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының біріккен отырысында үкімет мүшелерінен тура сұрақтарға тура жауап беруден бастауды сұрады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев депутаттық сауалға банк секторын сауықтыру үшін Ұлттық қордан ақшаның қалай бөлінетінін түсіндіріп, екінші сұраққа үкімет мүшелері жауап беруін ұсынған. 

"Сауалдың қиындық тудыратын кредиттер туралы тұсына келсек, ол Ұлттық банктен үкіметке тапсырылған. Ары қарай үкімет мүшелері түсіндірсін", - деді Ақышев. 

Реклама
Реклама

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа сөз бермес бұрын Парламенттің төменгі палатасының төрағасы үкіметтің барлық мүшесіне қарата сөз сөйледі. 

"Жауап қаржы министрінің есебінен бір жарым минутқа аз болды. Жалпы мәлімдемелерді басқа кеңестерге қалдыру керек. Бұл жерде сұрақ нақты, Кредиттік ресурс қорынан бастаңыз. Тура сұрақтарға тура жауап беріңіздер. Бүгін жауап алынатындардың барлығына қатысты. Барлығының уақыты шектеулі. Сырт көз үшін жиналған жоқпыз, нақты мәселелер бойынша", - деді Нығматулин.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама