ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қыркүйек 2020 | 16:31
"Сіз ақылды, біз ақымақпыз". Қаскелең тұрғындары шенеуніктің әрекетіне ашуланды
Әлеуметтік желіде Қаскелең тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп тұрған шенеунік түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желіде Қаскелең тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп тұрған шенеунік түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео echo_tdk Instagram-паблигінде жарияланды.
"Қаскелеңде бүгін тағы наразы азаматтар шу шығарды. Бір тарап - өз ақшасына пеш алып, үйіне қондырған тұрғындар. Екінші жақ - әкімдік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы. Бірақ әңгіме тіпті бұл туралы емес. ТКШ қызметкеріне қараңыз. Оның іс-әрекетіне қараңыз. Мәдениетті адам өзін осылай ұстай ма?" - деп жазды жазба авторы.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Эхо TDK Талдыкорган (@echo_tdk) 16 Сен 2020 в 8:12 PDT
Автордың сөзінше, кадрдағы қаскелеңдік шенеунік. Ол маскасын түсіріп, темекі тартып тұр. Камераны көрген соң маскасын көтеріп қояды.
"Сіз ақылдысыз, ал біз ақымақпыз?", - деп естілді кадр сыртындағы дауыс.
Бұған шенеунік қолын бір сілтеді.
Алматы облысы әкімдігіндегілер жағдайға байланысты пікір білдірді. Кадрда Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы екен.
"Бұл жағдай Қарасай ауданында болды. Қаскелеңдегі Төле би көшесінің тұрғындары қазандықтың құрылысына наразы болып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Сол жаққа ТКШ бөлімінің бас маманы Ермек Нәбиев барған. Бұл жағдай сол кезде болған. Қазір маман түсініктеме жазып жатыр, әдеп нормалары бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі", - деді Алматы облысы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсет Нұрекенов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также