18 қыркүйек 2020 14:14

"Сіз ақылды, біз ақымақпыз". Мемлекеттік қызмет агенттігі Қаскелеңдегі шенеуніктің әкеретіне пікір білдірді

Видеодан алынған кадрлар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова Қаскелең тұрғындарын ашуландырған шенеуніктің әдепсіз мінез-құлқына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова Қаскелең тұрғындарын ашуландырған шенеуніктің әдепсіз мінез-құлқына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше Желіде Қарасай ауданының ТКШ қызметкері тұрғындардың алдында темекі шегіп, тұқылын жерге лақтырған видеосы жарияланды. Шенеуніктің орынсыз әрекетіне сөгіс жариялау жеткілікті жаза деп ойлайсыз ба?", - деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

"Ия, бұл оқиғаны білемін. Бізде мемлекеттік қызмет саласында арнайы бақылау департаменті бар. Бұл мәселемен осы департамент айналысып жатыр. Ақпарат тек бүгін пайда болды. Біз де осы мәселемен айналысамыз", - деп сендірді Жайылғанова.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Қаскелең тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп тұрған шенеунік түсірілген видео жарияланды.

Кейін шенеунікке 5 АЕК айыппұл салынғаны белгілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram