03 қараша 2021 | 14:36

"Сіз оны экономикадан бөлек жаздыңыз". Министр Мәжілістегі заң жобасын сынға алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Әсет Ерғалиев. Фото:primeminister.kz

Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жаңа заң жобасы үшін сынға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жаңа заң жобасы үшін сынға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Мәжіліс отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде орын алды. Үкімет кәсіпкерлер үшін қағаз есеп берудің барлық түрін алып тастап, тек электронды түрде қалдыруды ұсынып отыр.

Палата спикері Нұрлан Нығматулин интернеттің сапасыздығынан өңірлердегі, әсіресе ауылдардағы көптеген кәсіпкерлер есеп беру мүмкіндігінсіз қалатынына, егер есепті уақытында тапсырмаса жазаланатынына назар аударды. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, цифрлық есеп беруге көшу талабы дұрыс. Бірақ бұл жұмыс біраз дайындықты қажет етеді. Себебі  өңірлердегі интернеттің сапасы әлі нашар. Халық қалаулылары көптеген ауыл кәсіпкерлерінің есептерді электронды форматта жүргізуге дайын еместігін атап өтті.

Сонымен қатар, заң жобасы электронды есептілікке толық көшу 2022 жылдың 1 қаңтарынан басталады деп болжайды. Бірақ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2023 жылға қарай интернетпен 100 пайыз қамтуға үлгермейтінін мойындады.

"Вице-министр 2025 жылды бірнеше рет айтты (ол кезде ауылдарда интернет іске қосылады. - Ескерт.). Сіз не істеп жатырсыз? Білесіз бе, бұл мерзімде интернетпен жүз пайыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Сіздің вице-министрлеріңіз мұны растап отыр. Сіз осындай құжатты қабылдап, Парламентке әкелген кезде не ойладыңыз? Сапалы Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз етпей, электрондық құжаттармен жұмыс істеуге үйретпей жатып, өз заңдарыңызда барлық ақпараттық реттеуші құралдардың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік жүктеуді алдын ала қарастырып жатырсыз.

Әсет Арманұлы, мұндай заң жобасын жан-жақты қарастырмай, осында әкелетін ұлттық экономика министрі қандай адам? Сіз бұл құжатты экономикадан бөлек жаздыңыз, министр мырза", - деді Нығматуллин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная