“Сіздің жеке жауапкершілігіңіз“: премьер-министр ҚТЖ басшысына ескерту жасады

“Сіздің жеке жауапкершілігіңіз“: премьер-министр ҚТЖ басшысына ескерту жасады Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) басшысы Талғат Алдыбергеновтің назарын транзиттік тасымал жоспарынан қалып қою мәселесіне аударды. Премьер ұлттық компания басшысының жеке жауапкершілігі туралы ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Олжас Бектенов ҚТЖ басқарма төрағасына бекітілген көрсеткіштерді уақтылы орындау үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

"Талғат Сағиұлы (Алдыбергенов - ескерт.), алдыңызда 55 миллион тонна көлемінде транзиттік тасымалды қамтамасыз ету міндеті тұр. Алайда қолда бар мәліметтерге сәйкес, бүгінде жоспарлы көрсеткіштерден қалу деңгейі 30 пайызды құрап отыр" - деді Бектенов үкімет отырысында.

Жарнама
Жарнама

Премьердің айтуынша, ҚТЖ 23 миллион тоннаның орнына небәрі 16 миллион тонна тасымалдаған.

"Бекітілген көрсеткіштердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл сіздің жеке жауапкершілігіңіз", - деп қосты Олжас Бектенов.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында "Казцинк" ЖШС бас директоры Жанат Жанботинге ескерту жасады. Бұл жағдай өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесін талқылау кезінде болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама