ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2024 | 17:44
"Сізге сұрақтар бар". Мемқызметкерлерге облыс әкімі атынан оғаш хабарламалар келген
Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов мемлекеттік қызметшілерге оның атынан алаяқтық қоңыраулар мен хабарламалар келіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов мемлекеттік қызметшілерге оның атынан алаяқтық қоңыраулар мен хабарламалар келіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Instagram-парақшасында жазды.
"Соңғы күндері менің және бірнеше мемлекеттік органдардың басшыларының атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашылып, солардан менің қарамағымдағы бірқатар қызметкерлерге және басқа да адамдарға хабарламалар жіберілген", - деп жазды ол.
Әкім оның тек 3 ресми парақшасы бар екенін айтты:
- @Instagram желісінде - @asaiyn.baikhan;
- Facebook желісінде - Асайын Байхан
- telegram арна - https://t.me/AsaiynBaikhan
"Сондай-ақ, мен WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі барлық хабарламаларды өз нөміріммен, оны жасырмай жіберемін. Сондықтан, егер сіз менің атымнан менің фотосуретім бар нөмірден қоңырау немесе хабарлама алсаңыз, алайда, нөмір жасырылған болса, онда бұл алаяқтар. Сіздерден аса сақ болуды және абай болуды сұраймын", - деп қосты әкім.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также