23 тамыз 2023 | 09:31

"Табалар мен қазандар жасалады". Қазақстандықтар 20 миллион теңгенің жол белгілерін ұрлап кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/qazavtojol

Қазақстандықтар республикалық маңызы бар жолдардағы жол белгілерін ұрлауды қоймаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар республикалық маңызы бар жолдардағы жол белгілерін ұрлауды қоймаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар жолдарды тұрақты патрульдеуге және профилактикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қарамастан, жыл сайын жол инфрақұрылымы элементтерін ұрлау деректері тіркелген.

"Алайда, былтырғымен салыстырғанда жол инфрақұрылымы элементтерін ұрлау деректері азайған. Мәселен, 2023 жылдың басынан бері республикалық маңыздағы күре жолдардан шамамен 20 миллион теңге сомаға жол инфрақұрылымы элементтері ұрланған (салыстырмалы түрде, 2021 жылы бұл шығын 60 миллион теңгеден асқан болатын).

Жол бойынан көбінесе жол белгілері, үй жануарларының жолға шығып кетуінен қорғайтын торлы қоршаулар, катафоттар мен стробоскоптар ұрланады. Белгісіз адамдар жарық бағыттайтын екі үлкен трансформаторды ұрлаған жағдайлар да тіркелді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұрланған жол инфрақұрылымы элементтері көбінесе тұрмыстық мақсаттарда қолданылады (фотодағыдай): төртбұрышты жол белгілерінен - күректер, дөңгелек пішінді жол белгілерінен - табалар мен қазандарға арналған қақпақтар, үй жануарларының жолға шығып кетуінен қорғайтын торлардан үй қоршаулары жасалса, жарықдиодты катафоттар велосипедтерге бекітіледі екен.

"Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдаланушылардан мемлекеттік мүлікті ұқыпты ұстауға шақырамыз. Жол бойында орналасқан барлық жол инфрақұрылымы элементтері қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мәселеде азаматтарымыздың жеке жауапкершілігі өте маңызды".

t.me/qazavtojol

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная