ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 тамыз 2024 10:51
Табиғи парктердің бірінде 8 миллион теңге жымқырылған
Қазынашылық департаментінің қызметкерлері мен табиғи парк бухгалтерлері сөз байласты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Түркістан облысының прокуратурасы Қазынашылық департаментінің қызметінде заңдылықтың жүйелі бұзылатынын анықтады. Атап айтқанда, Департамент лауазымды адамдары "Сырдария - Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ (бұдан әрі - КММ) бухгалтерлерімен келісіп, КММ қызметкерлерінің штат санын негізсіз ұлғайту арқылы 8 миллион теңгеден астам қаражат бөлді", - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне істің егжей-тегжейін түсіну тапсырылды.
Прокуратура қаржы министрлігіне қадағалау актісін енгізген басқа да бұзушылықтарды анықтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу