28 қараша 2020 | 09:09

Тағы 184 адамнан пневмония анықталды

© Тұрар Қазанғапов

28 қарашадағы коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

28 қарашадағы коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 975 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 822 бала бар. Стационарларда 3 294 науқас жатыр. 8 681 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

Реклама
Реклама

Жалпы науқастардың арасында 199 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша кейінгі тәулікте 184 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 60 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 41 940, өлім жағдайлары - 440, барлығы 30 422 адам сауығып шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная