“Тағы 2 миллион доллар табылған“. ҚМА “Перизат Қайраттың үйін тінту“ видеосына пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
“Тағы 2 миллион доллар табылған“. ҚМА “Перизат Қайраттың үйін тінту“ видеосына пікір білдірді видео кадры

Әлеуметтік желілерде Перизат Қайраттың үйіне жүргізілген тінту екені айтылған видео тарады. Кадрлардағы мәліметке сәйкес, ол жерден тағы 800 миллион теңге мен 2 миллион доллар табылғаны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Перизат Қайраттың үйіне жүргізілген тінту екені айтылған видео тарады. Кадрлардағы мәліметке сәйкес, ол жерден тағы 800 миллион теңге мен 2 миллион доллар табылғаны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода сөмкелер, пакеттер мен қораптарға салынған ақша көрсетілген. Олардың кейбірі мөрленген.

"Перизат Қайраттың үйінде тінту жүргізілді, тағы 800 миллион теңге мен 2 миллион доллар табылды", – деп жазылған видеода.

Реклама
Реклама

Біз бұл видеоға қатысты Қаржылық мониторинг агенттігіне (ҚМА) жүгіндік. Онда бұл видео фейк екені айтылды.

Бұл видео 2019 жылы түсірілгені белгілі болды. Онда Ресейдің ФСБ қызметкері Кирилл Черкалиннің үйінде жүргізілген тінту кезінде тәркіленген ақшалар көрсетілген. БАҚ дерегінше, оның үйінен 12 миллиард рубльге (80 миллиард теңгеден астам) баламалы қаражат табылған. Кейін сот Черкалинді парақорлық пен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырған.

Айта кетейік, бүгін Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша сот отырысы жалғасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама