24 ақпан 2021 | 09:31

Тағы 56 адамнан пневмония анықталды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Елімізде тағы 56 адамнан коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде тағы 56 адамнан коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

"22 ақпандағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 56 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 243 адам сауығып шықты", - делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 047, 615 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 41 210-ге жетті.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 24 ақпанындағы мәлімет бойынша, 20 387 адам короновирус инфекциясынан (13 165 КВИ+ және 7 222 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 4 574 пациент стационарда, 15 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
• 236 адамның жағдайы ауыр;
• 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная