ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қараша 2020 | 17:03
Тағы бір аймақта қабаған ит екі жасар балаға шабуылдады
Атырау полицейлері баланы қапқан итті тауып, иесін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау полицейлері баланы қапқан итті тауып, иесін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18 қарашада сағат 16.51-де "102" операторына Жұлдыз-2 ықшам ауданының тұрғынынан сәбиді ит қапқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға болған жерге шұғыл жеткен полиция қызметкерлері 2018 жылғы сәбиді жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Полиция қызметкерлері жүргізген жан жақты іздеу шараларының нәтижесінде, сол ықшам ауданындағы шағын өндірістік базалардың бірінің аумағынан сәбиді қапқан ит табылды.
"Иттің иесі - 1985 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны да анықталды. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также