ПОДЕЛИТЬСЯ
16 маусым 2020 | 09:21
Тағы бір министр оқшауланды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болғаннан кейін оқшауланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болғаннан кейін оқшауланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Министр қазір оқшауланды. Ол коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасаған ретінде оқшауланды. Елжан Біртановпен ұшақта бірге келді. Таңертең аппарат кеңесі және барлық шара жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Министр бәрін үйден өткізіп жатыр", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.
Оның айтуынша, Мырзағалиевтің коронавирусты анықтауға тапсырған тесті теріс болған.
"Апта соңында тағы тест тапсырады", - деп нақтылады ол.
Еске салайық, 14 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Қазір оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр.
Аймағамбетов мен Сапарбаев коронавирусты анықтауға тест тапсырды
Сондай-ақ Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты қорғаныс министрі, генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также