Тағы да локдаун бола ма? Министрлік жауап берді

© Тұрар Қазанғапов

WhatsApp-та Қазақстанда екі апталық локдаун енгізілетіні туралы хабарлама тарап жатыр. Авторлардың айтуынша, азық-түлік дүкендері жабылып, тек дәріханаларға ғана бұрынғы режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі, - деп хабарлайды StopFake.kz.

Алайда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда мұндай қатаңдату шараларын қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Бірде-бір облыста мұндай мәселе көтерілген жоқ", - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 133 118-ге жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама