Таяу күндері елімізде ауа райы бұзылады

© Николай Колесников

Таяу күндері елімізде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 8-10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Исландияда 5 желтоқсанда қалыптасқан күшті циклон Ресейдің солтүстік аудандарына жетті, енді шығысқа қарай жылжып келе жатыр. 8 желтоқсанда циклон Батыс Сібірді және Қазақстанды қамтиды.

"Осы циклонның әсерінен солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады, боран соғады, батыс желінің жылдамдығы кей жерлерде секундына 18-25 метрге жетеді, екпіні секундына 28 метр болады деп күтіледі. Республиканың батысында және оңтүстігінде циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Мұнда кей жерлерде жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді, Жамбыл облысында секундына 25-28 метр болуы мүмкін", - деді синоптиктер.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама