Таиландтағы қазақстандық туристтерге қарапайым киініп, қоғамдық жерлерде көңіл көтермеуге шақырды

© 1News.md

Таиландта?ы ?аза?станды? туристтерге елдегі жариялан?ан ?аралы к?нге байланысты ?арапайым киініп, ?о?амды? жерлерде к??іл к?термеуге ша?ырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Инвестициялар ж?не даму министрлігіне сілтеме жасап.

Таиландтағы қазақстандық туристтерге елдегі жарияланған қаралы күнге байланысты қарапайым киініп, қоғамдық жерлерде көңіл көтермеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаменті Таиландта жүрген қазақстандық туристтерге монархтарының қайтыс болуына байланысты аза тұтып жүрген сол елдің тұрғындарына құрмет көрсетіп, қарапайым киініп, қоғамдық жерлерде көңіл көтермеуге және қаралы күндер кезінде көпшілік шерде Таиланд королінің отбасы туралы сөз қозғамауға шақырды. Сондай-ақ ҚР ИДМ туризм индустриясы департаменті туроператорларға, Таиландқа барушы өзінің клиенттеріне қаралы күн кезінде қалай ұстауды ескертуді шақырды, - делінген Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғалидің хатында.

Еске салайық, 2016 жылы 13 қазанда 89 жасқа келген Таиланд королі Пхумипон Адульядет қайтыс болған, ол билікте 70 жыл отырған және әлемдегі ең көп басқарған монарх болып саналады. 

Реклама
Реклама

Елде бір жылдық траур жарияланған. Ел премьер-министрі Прают Чан-Оча өз отандастарын бір ай бойы кез-келген мерекелік шаралардан бас тартуға шақырды. БАҚ мәліметінше, алкогольдік ішімдіктер сататын дүкендер жабылған. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама