10 қараша 2022 | 09:57

"Тәжірибесіз жастар" - Жақсылықов казиноға миллиондап ақша жаратқан әскерилер туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казинода 500 миллион теңгеден аса ақша жаратқан шенеуніктердің қатарында болған әскерилерге қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казинода 500 миллион теңгеден аса ақша жаратқан шенеуніктердің қатарында болған әскерилерге қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, олардың әрқайсысына қатысты қызметтік тергеу тағайындалған.

"Ол тізімде қызметкерлер емес, әскери борышын өтеушілер бар. Қазір олардың әрқайсысына қызметтік тергеу жүріп жатыр. Ал тергеу қорытындысы бойынша мен одан әрі қызметімді жалғастыру туралы шешім қабылдаймын. Бірақ алдымен тергеу бітсін", - деді министр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 305 қазақстандық шенеунік ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Тексеру қорытындысы құзырлы органдарға тапсырылған болатын.

Анықталған мемлекеттік қызметшілер арасында:

Ішкі істер министрлігі - 97;
Қорғаныс министрлігі - 95;
Қаржы министрлігі - 25;
Жоғарғы Сот - 7;
Қаржы мониторингі органдары - 15;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары - 3;
әкімдіктер - 36;
басқа да мемлекеттік органдар - 27.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная