19 желтоқсан 2018 | 14:55

Такси жүргізушілері жолаушыларға чек беруге міндеттеледі

Енді қазақстандық такси жүргізушілері жолаушыларға чек беруге міндеттеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Енді қазақстандық такси жүргізушілері жолаушыларға чек беруге міндеттеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап жүргізушілер жолаушыларға фискалды чек бере бастайды. Бұған мереке қарсаңында жарияланған ҚР қаржы министрінің "Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы" № 206 бұйрығына енгізілген түзетулер мен толықтырулар себеп болып отыр.

Реклама
Реклама

Осыған дейін бұл талап Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінің 342-тармағында "такси ақаусыз таксометрмен немесе бақылау-кассалық машинамен жабдықталады" деп көрсетілген болатын. Алайда "немесе" деген сөз жүргізушілердің таксометрді алмастыратын, яғни тапсырыс алып, тарифтерді есептеп, төлем де қабылдайтын смартфондағы қосымшаны ғана қолдануына мүмкіндік беретін еді. Ал енді олар 1 сәуірден бастап кассалық аппаратты қолдануға міндеттеледі.

Еске салайық, 2018 жылдың қыркүйегінде "Яндекс.Такси", Uber, InDriver және тағы басқа компаниялардың жүргізушілеріне ресми қызмет көрсетушілер қатарына қосып, оларды медициналық тексерістен өту міндеттелген болатын. Десе де заңнамадағы бұл өзгерістер әлі де қабылданған жоқ.

Көліктің электронды төлқұжаты деген не?

Сондай-ақ, мұның алдында 2019 жылы қазақстандық жүргізушілердің жаңа құжат алуы тиіс екені хабарланған болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная