ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2019 | 14:49
Такси жүргізушісі шетелдікті Алматы әуежайынан орталыққа 23 мың теңгеге жеткізген
Алматыда такси жүргізушісі шетелдік қызды әуежайдан қала орталығына дейін 23 000 теңгеге жеткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда такси жүргізушісі шетелдік қызды әуежайдан қала орталығына дейін 23 000 теңгеге жеткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Такси жүргізушісі бүгін бір қызды әуежайдан Байтұрсынов пен Сәтбаев көшесінің қиылысындағы қонақүйге дейін 23 мың теңгеге апарып тастаған. 17 500 теңгеге чек көрсеткен. Мұндай баға қайдан шықты? Бұл қалыпты жағдай ма? Мүмкін қателесіп тұрған шығармын, қалада екі жыл болмадым", - делінген Instagram желісіндегі kris_p_almaty тобының жазбасында.
Алматы халықаралық әуежайының өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп, такси жүргізушісінің жолаушыға жасанды түбіртек бергенін анықтады.
"Видеодағы түбіртек - түпнұсқаның көшірмесі, соның көмегімен жүргізуші клиентті іздеу жолын оңайлатпақ болған шығар. AportTaxi-дің түпнұсқа түбіртегі - ашық жасыл түсте. Біз бұл жүргізушіні таптық, ол жолаушы ресейлік рубльмен төлеуді ұсынғанда, бас тартпағанын айтты. Әуежайдан қала ортасына дейін теңге бағамымен осынша ақша алу әбестік екенін білген-білмегені белгісіз. Бірақ жүргізуші қызға артық төлеген сомасын қайтарып беруге уәде етті", - дейді әуе компанияның қызметкерлері.
Алматы халықаралық әуежайының өкілдері "жеке таксистердің" қызметін қолданбауға кеңес берді. Ал шетелдік қонақтарға Қазақстанға ұшпас бұрын, валюталар бағамы мен такси тарифтерін біліп алған жөн екенін ескертті.
Показать комментарии
Читайте также