Тақтаймен қуды. Елордада мас ер адамдар жолда төбелес шығарды

Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда екі ер адам жолға шығып, төбелес шығарды. Оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төбелес түнде Кенесары көшесінде болған.

"Өтіп жатқан көліктерге қарамастан, ер адамдар жолдың жүріс бөлігінде төбелес шығарды. Олардың бірі қолына тақтай алып, екіншісін жолдың бойында қуып, ұрды", - деп хабарлады полиция өкілдері. 

Реклама
Реклама

Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері оларды ұстады.

"30 және 43 жастағы ер адамдар мас болған. Қоғамдық тәртіпті бұзушылар "Байқоңыр" ауданының полиция басқармасына жеткізілді.

Аталған дерек қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр", - деді ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама