26 қараша 2020 | 09:24

"Талапты үйде қоясыңдар". Кәсіпкерлер ШҚО әкімі орынбасарының сөзіне наразы болды

Видео кадры

Кездесу кезіндегі ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтовтың айтқан сөздеріне наразы болған кәсіпкер шенеуніктің атынан өтініш жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кездесу кезіндегі ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтовтың айтқан сөздеріне наразы болған кәсіпкер шенеуніктің атынан өтініш жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 қарашада бірнеше кәсіпкер ШҚО-ның облыстық әкімдігіне бір ай бұрын коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулерге қатысты ойын айту үшін келген. 

Реклама
Реклама

"Бір айдан бері жабықпыз. Бізге жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отыр: "Бес күн, он күн күте тұрыңдар" дейді. Қанша күтеміз? Құқығымыздың сақталғанын талап ету үшін келіп отырмыз", - дейді кәсіпкер Руслан Құсайынов.  

Алдымен кәсіпкерлер Өскеменнің әкімдігіне келген, бірақ қала басшысы Жақсылық Омар кездесуге шықпаған. 

Руслан Құсайыновтың "сұрауға емес, талап етуге келдік" деген сөзіне әкімнің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов:"Қарап тұрсам, ешқандай диалог орната алмаймыз. Талапты үйде әйелдеріңе, енелеріңе қоясыңдар" деп жауап берген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАНАТ АНЕТОВА (@zhanat_anetova)

Кәсіпкерлер шенеуніктің бұл сөзіне наразы болған. 

"Мен бүгін оның бұл жауабы үшін арыз жаздым. Негізі расында енем әйелім екеуіміздің қолымызда, сосын мен ол мен, отбасым туралы бәрін біле ме деп ойланып қалдым. Әлде маған осылайша қоқан лоқы көрсетіп отыр ма?", - дейді Руслан Құсайынов.  

Оның айтуынша, бұл оқиғадан кейін кәсіпкердің өзіне де, кәсіпорынға да ерекше назар аудара бастаған. 

Облыс әкімдігі болған жайтқа байланысты түсінік берді. ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы Ержан Шұрмановтың сөзінше, ол күні жағдай мүлде басқаша болған.

"Бірден айтайын, адамдар қалалық әкімдікке ашуланып келді, бір-бірін тыңдамай, бір-бірінің сөйлеуіне мұрша бермеді. Бұқтығұтов керісінше оларды диалог орнатуға залға шақырды. Сол жерде ойларын айтуды ұсынды, ал олар керісінше айғайлап, сұрауға емес, талап етуге келгенін айтты. Сосын шенеунік талапты үйлеріңде қоясыңдар деп айтты", - дейді Ержан Шұрманов. 

Оның айтуынша, екі тарап арасында диалог орнаған. Кәсіпкерлер өз ойын айтқан. Ол отырыс хаттамасына енгізілді және жақын арада қаралуы тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная