Талдыкөлде миллиард теңгеге экосаябақ ашылады

Фото: instagram.com/akimat_nur_sultan Фото: instagram.com/akimat_nur_sultan

Үлкен және Кіші Талдыкөлде экосаябақ ашылады, оған бір миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үлкен және Кіші Талдыкөлде экосаябақ ашылады, оған бір миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта (Е-10 көшесі "Зеленый квартал" тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы) Кіші Талдыкөлде су балансын сақтау және толықтыру арқылы демалыс аймағын құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен

Реклама
Реклама

"Ол үшін миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді. Жоба су қоймасын абаттандыруды көздейді: су қоймасының бойында табиғи судың және қажетті экожүйені жасайтын тас жағалау болады. Сондай-ақ, су деңгейін сақтап және оттегімен қанықтыруды қамтамасыз ету үшін аэрациялау және биодренаж жүйесін ұйымдастыруды қарастырады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы пайда болатыны айтылды: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалы жағалау, флора мен фаунасы бар экоклимат үшін жағдай жасалады.

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен

"Талдыкөлдің өзінде (Үлкен Талдыкөл) экологиялық инфрақұрылым болады. Елімізде ерекше қорғалатын және орманды аймақтары бар тұңғыш табиғи саябақ пайда болады", - деп қосты әкімдік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная