Талдықорған әкімі жұмыстан босатылғаны рас па? Әкімдік жауап берді

Ғалымжан Әбдірайымов. Фото: Виктор Барбаш (tgzt.kz)

Желіде Талдықорған әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қызметінен кеткені туралы ақпарат пайда болды. Қалалық әкімдік бұл қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Талдықорған әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қызметінен кеткені туралы ақпарат пайда болды. Қалалық әкімдік бұл қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

@Taldykorganec.insta-парқшасында бір күн бұрын Талдықорған әкімдігінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты мәліметтер жарияланды. Жазба авторы қала әкімі, оның орынбасары және Талдықорған қаласының бас сәулетшісі өтініш жазып, қызметінен кеткенін хабарлады.

Реклама
Реклама

Алайда Талдықорған әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, оның орынбасары Сайлауғали Байназаров және қаланың бас сәулетшісі Абай Лесбеков жұмыс орындарында. Олар күнделікті функционалдық және лауазымдық міндеттерін орындап жатыр. Құжаттар мен өкілеттілігін тапсыру бойынша тараған ақпарат ресми түрде расталмайды", - деді Талдықорған әкімінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама