19 тамыз 2022 00:36

Талдықорған әкімі қысымға ұшырағанын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Instagram / masabayev_online

Брифингте Талдықорған әкімі Әсет Масабаевқа журналистер "пәтер дауына байланысты қоқан-лоқы жасалды ма" деп сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Брифингте Талдықорған әкімі Әсет Масабаевқа журналистер "пәтер дауына байланысты қоқан-лоқы жасалды ма" деп сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Талдықорғанда 1062 пәтер заң бұзушылықпен берілген. Оның ішінде 680 пәтерді халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар алса, тағы 383-і мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерге берілген.  Әкімдіктің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов заңсыз баспана алғандардың арасында қазіргі және бұрынғы шенеуніктердің бар екенін нақтылады. Бүгінге дейін қала басшылығы осындай 50-ден астам пәтерді мемлекетке қайтартқызды.

Журналистердің сұрағына жауап берген әкім жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты оған тікелей қоқан-лоқы жасалмағанын, бірақ үшінші тұлғалар арқылы қысым көрсетуге тырысатындар барын айтты. 

Реклама
Реклама

"Тікелей қоқан-лоқы болған жоқ. (...) Үшінші тұлғалар арқылы шыққандар бар, бірақ тікелей ешкім хабарласпады. Әзірге өзімді өте жайлы сезінемін", - деді Талдықорған әкімі.

Сондай-ақ, ол заң бұзушылықпен берілген пәтерлердің белгіленген саны оның күткенінен асып түскенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram