25 тамыз 2022 | 09:54

Талдықорған әкімі мен ауған ардагерінің қызу талқысы түсірілген видео пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Instagram / taldykorganec.insta_

24 тамызда Талдықорған әкімдігінде қала басшысы Әсет Масабаев пен Ауған соғысы ардагерлері арасында дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

24 тамызда Талдықорған әкімдігінде қала басшысы Әсет Масабаев пен Ауған соғысы ардагерлері арасында дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім 10-нан аса интернационалист-жауынгерді қабылдаған. Пікірталастың басты тақырыбы - қала аумағында ардагерлерге тұрғын үй және жер телімдерін беру мәселеcі. Олар әскери қызметтері үшін баспана беруді талап етіп отыр.

Талдықорған әкімінің сөзінше, қала тұрғындары пәтерлер мен жер телімдерін кезек арқылы ала алады және олардың заң бұзуға құқығы жоқ. Алайда ардагерлер Масабаевтың жауабына қанағаттанбаған.

Реклама
Реклама

"Кезек тек артқа қарай жылжып жатыр. Осы жылдар бойы шыдап, күтіп отырмыз. Қанша адам заңсыз алды, ал біз әлі де жалдамалы пәтерлерде тұруға мәжбүрміз", - дейді ардагерлер.

Талдықорған әкімі интернационалист-жауынгерлерге оның отставкаға кетуін талап ететін петиция жинауды ұсынды.

"Менің жұмысыма қанағаттанбасаңыздар, "Масабаев кетсін" деп петиция жазыңыздар, кетемін", - деп жауап берді ардагерлерге қала әкімі.

Талдықорған әкімдігінде тұрғын үй Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес кезек бойынша берілетіні түсіндірілген. Бұл орайда ардагерлерге ерекше жағдай қарастырылмаған.

"Қала әкімі Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысқан азаматтар ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал тобына жататынын және пәтерлер заңнамаға сәйкес кезекпен берілетінін түсіндірді. Барлық азаматтың құқықтары тең және жауапқа қанағаттанбаған жағдайда ардагерлер сотқа жүгіне алады", - деді қала әкімінің баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная