14 наурыз 2021 11:35

Талдықорған әкімдігі қызметкерлері түсірілген даулы видео жарияланды

Видеодан алынған кадр

Желіде карантин кезінде караоке-барда жүрген Талдықорған әкімдігі қызметкерлерінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде карантин кезінде караоке-барда жүрген Талдықорған әкімдігі қызметкерлерінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторы Қайрат Әбдірахманның айтуынша, олар бірнеше сағат бойы Талдықорған әкімдігінің қызметкерлерін караоке-бардың маңында бақылап жүрген. Автор ТКШ қызметкері мас күйде көлікке отырғанын және әйеліне қол көтергенін әшкере етеді. Оның айтуынша, видеода қала әкімінің орынбасары да бар.

Реклама
Реклама

Талдықорған қаласының әкімдігі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, видеода Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің басшысы барын растады.

"Қазір Талдықорған қаласының әкімдігінде ішкі қызметтік тергеу жүріп жатыр. Нәтижесінде қандай мемлекеттік қызметші не үшін жазаланатыны ресми түрде жарияланады. Қазір ішкі қызметтік тергеу нәтижелерін күтіп отырмыз. Ертең күн соңына дейін нәтиже дайын болуы тиіс", - деді Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram