26 қазан 2021 19:04

"Талдықорған Аруы - 2021" анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"Талдықорған Аруы - 2021" атағын 20 жастағы Рауаш Рүстемқызы иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талдықорған Аруы - 2021" атағын 20 жастағы Рауаш Рүстемқызы иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бойжеткен Талдықорған сервис және технологиялар техникумында "дизайнер" мамандығы бойынша оқиды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Рауаш - кәсіби биші. Алты жыл бойы ол Талдықорған ансамблінде би билеген.

"Қазақстанда туризм саласын дамытуды армандаймын. Біздің өлкеміздің сұлулығын көріп, ешкім бейжай қалмайтынына сенімдімін. Сондықтан туризмді дамытуға өз үлесімді қосқым келеді", - деді бойжеткен.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.

Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" - Назерке Карманова, "Павлодар Аруы" - Айдана Жұмабекова, "Орал Аруы" - Екатерина Кужекешова, "Алматы Аруы" - Азиза Тоқашева, "Қарағанды Аруы" Анна Глубоковская болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram