ПОДЕЛИТЬСЯ
04 маусым 2019 | 11:25
Талдықорған балабақшасының екінші қабатынан құлаған қыздың денсаулығы жақсарып келеді
Талдықорғанда екінші қабаттан құлап кетіп, комаға түскен бүлдіршіннің денсаулығы дұрысталды. Екі апта бойы оның өмірі үшін арпалысқан дәрігерлердің арқасында 2 жастағы қыз бала сауығып, бүгін ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер денсаулығының жақсарғанын, ата-анасын танитынын айтады. Ал, кішкентай қызды терезеге шығарып қойып, осындай жағдайға жеткізген тәрбиешіге жаза тағайындалды ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Аруна Қуанышқызы 15 мамырда №19 мектеп-гимназиясына қарасты шағын орталықтың екінші қабатынан құлаған болатын. Бұл балабақшаға барып жүргеніне небәрі екі-ақ күн болған екен. Ал, аталған орталық ашылғалы жұмыс істеп келе жатқан тәрбиеші дәл сол күні екі бірдей бүлдіршінді ашық тұрған терезеге тұрғызып қойған. Зардап шеккен бұлдіршін қазір ата-анасының жылы құшағында. Дәрігерлер өмір мен өлім арасында арпалысқан қыздың қазіргі жағдайы жақсы дейді. Дегенмен, әлі де ақ халаттылардың бақылауында болады екен.
"Бала сөйлейді, әке-шешесін таниды, тамақ ішеді, үлкен дәреті жақсы. Ешкім ұстамай өзі жүреді. Бірақ, бәрі бітті деп айтуға болмайды. 2-3 айда келіп қаралып тұрады. 6 айдан кейін басына тағы да компютерный томография жасап көреміз, - дейді көпсалалы отбасылық балалар ауруханасының директоры Марат Досқалиев.

Тәрбиешінің салғырттығынан қиын жағдайға тап болған сәбидің ата-анасы мектепте мұғалім екен. Әкесі-денешынықтыру пәнінінің, ал анасы бастауыш сынып оқытушысы. Болған жәйтқа қатысты әзірге сұқбат беруге дайын емеспіз деп отыр. Ал, оқиға болған балабақшада екі апта бұрын қызылша ауруының алдын алу мақсатында карантин жарияланыпты. Жұмыс жасап тұрған орталыққа ешкімді кіргізбейді.
10 жыл бойы бала қарап, олқылыққа жол берген тәрбиешіге қатысты тергеу амалы басталып кеткен екен. Қазір іске қатысты тиісті сараптамалар тағайындалған.
"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабына сәйкес, қылмыстық өндіріс қозғалды. Бүгін бүлдіршін ауруханадан шықты. Осыған орай барлық медициналық құжаттар талап етілді. Осы құжаттар негізінде сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Серік Үпиев.
Полицейлер сөзінше, процессуалдық шешім шыққан соң ғана тәрбиешіге қатысты нақты жаза тағайындалуы мүмкін. Қазір ол жұмыстан шеттетілген екен.
Показать комментарии
Читайте также