24 қаңтар 2022 11:47

Талдықорған маңында Lexus жол талғамайтын көлігі көпірден құлап кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Алматы облысында жол талғамайтын көлік көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнынан түсірілген видеоны журналист Сандуғаш Дүйсенова Facebook-те жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жол талғамайтын көлік көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнынан түсірілген видеоны журналист Сандуғаш Дүйсенова Facebook-те жариялады.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Талдықорған тасжолында Сарқан ауданына жақын жерде 23 қаңтар күні түскі уақытта болған.

"Алматы-Өскемен тасжолының 466-шақырымында солтүстік бағытта келе жатқан Lexus көлігінің 43 жастағы жүргізушісі Лепсі өзеніндегі көпірде көлік тізгінін басқара алмай, аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жол талғамайтын көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы бойынша ПД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram