Талдықорған полициясы бастығы кабинетіндегі қыз зорлау оқиғасы: тергеу аяқталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Талдықорған полициясы бастығы кабинетіндегі қыз зорлау оқиғасы: тергеу аяқталды Марат Куштыбаев. Фото: zhetysu.gov.kz

Қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы ақпарат "Сот кабинетінде" жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 ақпанда қылмыстық іс Талдықорған қалалық сотына келіп түскен. Оны судья Әлібек Әбдіхаев қарайды.

office.sud.kz

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Пайда болған ақпаратқа сәйкес, қылмыс оның кабинетінде болған. Күштібаев екі айға қамауға алынды.

Осыдан кейін ішкі істер министрі Жетісу облыстық ПД бастығы Атығай Арыстановты қызметінен босатты. Облыстық кадр саясаты департаменті және тергеу желісі бастығының орынбасарлары да өз лауазымынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама