Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Талдықорған Полиция басқармасының бастығы ұсталды. Ол 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорған Полиция басқармасының бастығы ұсталды. Ол 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Талдықорған қалалық полициясының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі ("Адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.

Жарнама
Жарнама

Мән-жай соталды тергеп-тексеру шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, зерделенеді.

Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама