ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 шілде 2026 08:31
Талдықорған - Текелі тасжолында ішінде адамдар отырған көліктің үстіне ағаш құлады
Талдықорған – Текелі тасжолында Toyota Camry жеңіл көлігінің үстіне ағаш құлады. Оқиға 21 шілдеде болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ескелді ауданы әкімдігінің мәліметінше, ағаш жолға "қолайсыз ауа райы салдарынан, нақтырақ айтқанда, қатты желден" құлаған.
Ағаш құлаған көліктің ішінде бес адам болған. Зардап шеккендер Ескелді аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Құлаған ағаш жолдың жүру бөлігінен алынды, автокөлік қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр, өтуге ешқандай кедергі жоқ.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу