Талдықорғанда 9 судьядан коронавирус анықталды

Алматы облыстық сотында 9 судьядан коронавирус анықталды. Бұл туралы облыстық соттың төрағасы Еліс Әбдіқадыров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық сотында 9 судьядан коронавирус анықталды. Бұл туралы облыстық соттың төрағасы Еліс Әбдіқадыров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, облыстық соттың 9 судьясынан COVID-19 анықталды. Әріптестерім дәрігерлердің бақылауында, оқшауланды. Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында облыстық сот жабылды. Барлық қызметкер жеті күнге үйдегі карантинге жіберілді. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан онлайн жұмыс істеп жатыр", - деді сот төрағасы.

Оның айтуынша, соттың барлық қызметкері 9 маусымда коронавирусқа тест тапсырды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында Алматы облыстық сотының карантинге жабылғаны хабарланған болатын.
 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама