Талдықорғанда әйелі мен үш жасар қызын аяусыз соққыға жыққан ер адамға үкім шықты

Талдықорғанда әйелі мен үш жасар қызын аяусыз соққыға жыққан ер адамға үкім шықты Бейнеден алынған кадр

Талдықорғанда әйелі мен үш жасар қызын соққыға жыққан тұрғын төрт жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорғанда әйелі мен үш жасар қызын соққыға жыққан тұрғын төрт жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл ақпанда Жетісу облысында баланы соққыға жығу дерегі тіркелді. Оқиға бүкіл елде дау тудырды. Үш жасар бүлдіршін өз әкесінен жәбір көргені анықталды. Сондай-ақ, бұған дейін кішкентай қызға шетелде бауыр ауыстыру бойынша күрделі ота жасалғаны белгілі болды.

Әлеуметтік желілерде баланың видеосы мен суреттері және анасының жазбасы жарияланды. Полиция қызметкерлері бұл дерекке жедел әрекет етіп, Талдықорғанның тұрғынын ұстады.

Жарнама
Жарнама

Күдіктіні ұстауға қатысты пікір білдірген Жетісу облыстық ПД бастығының орынбасары Руслан Чарапиев сол кезде ер адамның қыздың туған әкесі екенін айтқан болатын.

"Сағат 21:00-де 102 арнасына медициналық мекемеден жарақат алған, зорлық-зомбылық белгілері байқалған үш жасар баланың жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері дереу күдікті — баланың әкесінің тұрғылықты жеріне барды. Мас күйде болған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп хабарлады Руслан Чарапиев.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша жүргізіліп, ерекше бақылауға алынды. Кейін іс ҚР ҚК-нің 110-бабына ("Қинау және соққыға жығу") қайта сараланғаны белгілі болды.

Бүгін қоғамды дүр сілкіндірген істі қалалық сот қарап, айыпталушыға қатысты үкім шығарғаны мәлім болды.

"Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Талдықорған қалалық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды", — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, жан түршігерлік видео 2 ақпанда әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда денесі көгерген сәби мен әйел көрінеді. Әйел өзін және баласын сол кезде мас болған күйеуі ұрып-соққанын айтып берген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама