18 тамыз 2020 | 09:32

Талдықорғанда белгілі дәрігер коронавирус пневмониясынан қайтыс болды

Абай Сахариев. © Әкімдіктің баспасөз қызметі

Анестезиолог-реаниматолог, Талдықорғандағы облыстық аурухананың меңгерушісі Сахариев Абай Мұхамедұлы коронавирус пневмониясынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram желісіндегі Талдыкорганец парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Анестезиолог-реаниматолог, Талдықорғандағы облыстық аурухананың меңгерушісі Сахариев Абай Мұхамедұлы коронавирус пневмониясынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram желісіндегі Талдыкорганец парақшасына сілтеме жасап.

"Абай Мұхамедұлы 2020 жылы эпидемия басталғаннан бері "қызыл аймақта" болды. Анестезиолог-реаниматологтардың ауыр жағдайдағы науқастарға медициналық көмек көрсетуіне байланысты оларда вирус жұқтыру қаупі жоғары екенін бәрі біледі.

Сондықтан Абай Мұхамедұлы қайтыс болған жоқ, ол шайқаста қаза тапты. Бұл пневмониямен асқынған коронавирустың ауыр түрі болды. Ол екі айға жуық уақыт Нұр-Сұлтанда жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған күйі жатты.

Еңбегі үшін облыстық клиникалық аурухана мен денсаулық сақтау министрлігінің атынан грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная