Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы сотталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

17 шілдеде Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласының білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыхановқа қатысты үкім шығарды.

"Ол бюджет қаражатын жымқыру деректерін жасырғаны және жұмыстан босатпағаны үшін осы бөлімнің бас бухгалтерінен 280 миллиогн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ж. Жолдыханов 11 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алдын алу шаралары аясында тыңдаулар сотталған ұжымның қатысуымен өтті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған бюджет қаражатын жымқыру мақсатында қатысу дерегі бойынша Талдықорған білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бұрын басталған тергеуді аяқтағанын еске саламыз".

Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың наурыз аралығында Талдықорған аумағында құқықбұзушылық іс-әрекеттермен айналысқан.

"Олар жүйелі түрде білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақы аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырған. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 4,3 миллиард теңге көлемінде залал келтірген".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная