29 сәуір 2024 | 08:00

Талдықорғанда екі қонақүйге бомба қойылғаны туралы хабар түсті

©️ instagram/krisp.tdk

Талдықорғанда жексенбі күні кешке полицейлер дабыл бойынша шақырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда жексенбі күні кешке полицейлер дабыл бойынша шақырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгісіз біреу қаладағы екі қонақүйге – "Колизей" мен "Парк Хаусқа" бомба қойылғанын хабарлаған. Осыдан кейін оқиға орнына патрульдік көліктер мен жедел жәрдем келді. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Реклама
Реклама

Кейінірек Жетісу ПД оқиғаға қатысты:

"Сағат 18:35 шамасында Талдықорған полициясының жедел басқару орталығына облыс орталығындағы екі қонақүйге жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын қоңыраулар түскенін хабарлаймыз. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ешқандай күдікті заттар табылмады. Облыстық полицейлер көрінеу жалған хабарламалар үшін заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram